1299

Елордалық паралимпиадашы бүкіләлемдік ойындарда үш медаль иеленді

14 қыркүйекте Голландияның Стадсканаал қаласында Халықаралық қауымдастықтың 4-ші Бүкіләлемдік ойындары басталды. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу және садақ ату жарыстары енгізілді. Оған әлемнің 26 мемлекетінен жиналған 380 спортшы қатысуда.

14 қыркүйекте Голландияның Стадсканаал қаласында Халықаралық қауымдастықтың 4-ші Бүкіләлемдік ойындары басталды. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу және садақ ату жарыстары енгізілді. Оған әлемнің 26 мемлекетінен жиналған 380 спортшы қатысуда, Қазақстан құрамасының сапындағы 16 спортшының ішінде Астана қаласының өкілі  Михаил Еременко да бар. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

«Михаил 19 қыркүйекте жүзуден үш жарысқа қатысып, бәрінде де үздік нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс олжалады. Бапкер Владимир Загороднийдің айтуынша, спортшы төртінші додаға қатысқан жағдайда тағы да бір жүлдеге қол жеткізетін еді. Михаил 50 м қашықтыққа еркін және баттерфляй жүзуден көш бастап, 100 м қашықтыққа шалқалап жүзуден екінші болып келді»,- делінген ақпаратта. 

Команданың көшбасшысы Зүлфия Ғабидуллина да 2 алтын алып, 200 м еркін стильмен жүзуде рекорд жаңартты, ал 50 м қашықтықта еркін жүзуден бірінші орын алса, 100 м қашықтықта еркін жүзуден рекорд орнатты. 

Айта кетейік, IWAS Бүкіләлемдік ойындары әр екі жыл сайын өткізіледі. Өткен ойындар 2009 жылы Бангалор қаласында (Үндістан) және 2011 жылы Шардж қаласында (БАӘ) өткен болатын. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109