1928

Елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды

14-26 қазанда Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді. Онда елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

14-26 қазанда Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді. Онда елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Ільяс Сүлейменов (52 кг дейін), Мерей Ақшалов (64 кг дейін) және ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 кг дейінгі «қазақ» салмағы) те он былғары қолғап шеберінің ішінде әлем чемпионы атағын сарапқа салады.  

«Үшеуі де Қазақстан чемпиондары және Азияда өздерінің салмақ санатында көш бастап тұр. Ільяс Сүлейменов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, «А» сыныбындағы көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мерей Ақшалов - Азия чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, «Astana Arlans» клубының сапында жеткен жетістіктерімен белгілі және Данияр Елеусінов - Азия чемпионы, Азия ойындары және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы», - делінген ақпаратта. 

Әлемдік деңгейдегі спорттық шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, қазіргі уақытта 118 астам мемлекет қатысуға ниет білдірді. Бокстан Қазақстан құрамасы кез-келген халықаралық додада фаворит сааналады, бұл жолы да әлем біріншілігін елімізде өткізіп, командалық есепте бірінші орын алуды мақсат етуде. 

«Біз үшін бұл - маңызды жарыс. Команда жыл басынан бері әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалуда. Әрине, алға қойған міндетіміз бар. Біз күресуге дайынбыз», - деді Д. Елеусінов. 

Еске салайық, ұлттық команда әлем чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарын Мырзағали Айтжановтың басшылығымен Астанада Боксты дамыту орталығында өткізді. Соңғы жиын 28 қыркүйекте Алматы маңындағы олимпиадалық базада Куба, Ирландия және Әзербайжан командаларымен бірге өтеді. Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында он салмақ санатында Біржан Жақыпов (49кг), Ільяс Сүлейменов (52кг), Қайрат Ералиев (56кг), Берік Абдрахманов (60кг), Мерей Ақшалов (64кг), Данияр Елеусінов (69кг), Жәнібек Әлімханұлы (75кг), Әділбек Ниязымбетов (81кг), Антон Пинчук (91кг) және Иван Дычко (+91кг) өнер көрсетеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109