1488

Астана қазіргі бессайыстан Азия чемпионатына қатысады

Елордада өткізілетін ірі халықаралық додалар саны артып келеді. 28 қыркүйекте сағат 19.00 «Сарыарқа» республикалық велотрегінде корольдік спорт деп аталып кеткен қазіргі бессайыстан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Елордада өткізілетін ірі халықаралық додалар саны артып келеді. 28 қыркүйекте сағат 19.00 «Сарыарқа» республикалық велотрегінде корольдік спорт деп аталып кеткен қазіргі бессайыстан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Қазақстан пентатлоннан құрлықтық жарысты алғаш рет қабылдайды. Сонымен қатар, біріншілік аясында Азия мен Океания жасөспірімдерінің Олимпиадалық ойындарының біліктілік жарыстары ұйымдастырылады. Халықаралық спорт шарасында әлемнің 8 елінің спортшылары бақ сынасады (Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Тайвань, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия және Қазақстан).    

Ұлттық команда сапында ерлер арасында Павел Ильяшенко, Рустем Сабирхузин және Андрей Солдатов; әйелдер арасында Ксения Александрова, Дарья Хальзова және Юлия Колегова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, ерлер құрамасындағы үш спортшы Астана қаласының жоғары шеберлік мектебінің өкілдері. 

Қазіргі бессайыс немесе пентатлон - бір кешенде бес спорт түрінің бірегей үйлесуі. Ол бағыттылығы және рухы бойынша әр түрлі болып табылатын семсерлесу, жүзу, конкур, жүгіру және ату сияқты спорт түрлерін біріктіреді. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енген алғашқы спорт түрлерінің бірі. 

Бас бапкер Вадим Чудновскийдің айтуынша, әлем чемпионатына дайындық жоспарлы түрде өтті. Құрамалар Алматыда жаттықты. Ойындар «Қазанат» атшабарында және «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Жарыс 28 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109