2406

Астанада көркем гимнастикадан қаланың ашық біріншілігі болып өтті

Қыркүйек айының соңында Астанада көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде балалар арасындағы топтық жаттығулар бойынша көркем гимнастикадан қаланың ашық біріншілігі де өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Қыркүйек айының соңында Астанада көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде балалар арасындағы топтық жаттығулар бойынша көркем гимнастикадан қаланың ашық біріншілігі де өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Үш күнге жалғасқан додада елордалық клубтар мен №1 олимпиадалық резервтегі балалар жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері, Алматы мен Қарағанды облыстарынан келген спортшылар бақ сынасты.

2005-2006 жж туғандар арасында топтық жарыста бір ұпайдан артық айырмашылықпен оңтүстік астанамыздың өкілдері көш бастады. Валерия Антонова, София Аманатова, Найля Тұрсынғалиева, Әлия Баталова және Алиша Мұқашева екі жаттығудың қорытындысы бойынша 19,250 ұпай жинап, жарыс иелерін артта қалдырды. Аружан Сағындықова, Аруана Беспаева, Элина Бөлемесова, Ақерке Мұрат пен Малика Баланова өнер көрсеткен елордалық құрама аталмыш дисциплинада 18,200 ұпай алды. Үшінші орында 17,500 ұпаймен Қарағанды облысының командасы.

2001-2002 жылдары туған балалар арасында Астана командасы шеңбермен және доппен орындаған топтық жаттығуларда 24,650 ұпай жинап жеңіске жетті. Джессика Будник, Камила Көптілеу, Аружан Қазбекова, Даяна Жақыпова, Әнел Талғатбек және Регина Сұлтанова 19,150 ұпаймен Алматы құрамасын басып озды.

Ал 2003-2004 ж. туғандар арасында Қызылорда облысының спортшылары топ жарды. Толқын Әбдиева, Диана Қанатбек, Жібек Қадырова, Айжан Қуандықова, Дана Садықова мен Аружан Құрмантай жалпы есепте 20,150 ұпай жинап алға шықты. Үшінші орында алматылық спортшылар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109