М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының каратэ командасы Әлем чемпионы атанды
М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының каратэ-до шотокан командасы Польшада Әлем чемпионатында 6 алтын, 1 күміс және 7 қола жүлде иеленді.
Оқушылар сарайы командасының сапында өнер көрсеткен астаналық оқушылар келесідей жетіктіктерге қол жеткізді. Төлеу Тойсұғанов (13 жас) жеке және командалық катадан 3 алтын, кумитэден қола медаль алды. Біржан Қабдоллаев (14 жас), жеке және командалық катадан, кумитэден 3 алтын иеленді. Руслан Жақыпбеков (15 жас) жеке және командалық катадан, кумитэден 3 бас жүлде олжалады.
Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 6 жастан жоғары мыңнан астам спортшы қатысты. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының каратэ-до үйірмесінің және каратэ-до командасының жетекшісі Мейрамгүл Дукуеваның айтуынша, жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық спортшылардың дайындығына және елімізде аталған спорт түрінің даму перспективасына жоғары баға берді. Ол осындай додалардың Қазақстан жастарының арасында патриоттық рухты тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті, себебі туған еліңнің туы желбіреп, әнұраны ойнағанда қатты толқып, мемлекетіңе деген махаббат сезімі оянады.
Аталмыш жарыста Қазақстанның көк байрағы 13 рет көтерілді. Айта кетейік, оқушылар сарайының шәкірттерінен басқа, Астана қаласының №4 мектеп-гимназиясының оқушылаары, Қарағанды құрама командасы да Әлем чемпионы атанды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz