1756

«Алау» мұз сарайында жаңа маусым ашылды

«Алау» мұз сарайында 5 қазанда жаңа маусым ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына сарайдың баспасөз қызметінен хабарлады. Клиенттердің ниеттерін ескере келе, жаңа маусымда коньки сақтау секілді жаңа қызмет түрі енгізілмек. Бұдан былай конькиді стадионда қалдырып, оны кептірілген және қайралған күйде келесі аптада алып кетуге болады.

«Алау» мұз сарайында 5 қазанда жаңа маусым ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына сарайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жұма күні 19.00-22.00, сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-22.00 дейін келем деушілерге мұз сарайының есігі ашық. Алдағы маусымда «Алау» қонақтары үшін жаңа кесте жасалады, басқа да қызметтер ұсынылады, ал ең бастысы - бұрынғы бағалар сақталады»,- делінген ақпаратта. 

Клиенттердің ниеттерін ескере келе, жаңа маусымда коньки сақтау секілді жаңа қызмет түрі енгізілмек. Бұдан былай конькиді стадионда қалдырып, оны кептірілген және қайралған күйде келесі аптада алып кетуге болады. Осы мақсатта жаңа мамандар тартылды. Бұдан басқа, фудкорт жұмысы да жаңартылды. Сырғанауға келушілер үшін жылы орамалдар беріліп, бөлек шешінетін орын ашылды. Ересектерге арналған алғашқы конькимен жүгіру спорты секциясы өз жұмысын бастайды.

Екі жылдың ішінде сарайға 100 мың адам келген, жаңа маусымда бұл көрсеткішке жобаны жүзеге асырудың 6 айында қолжеткізу жоспарланған.

Биыл жазда жоспарлы түрде мұз массиві ауыстырылды. Алғашқы үш жылда «Алау» мұз сарайы 3 мың метр қашықтықта жазықтықтағы айдындар үшін 9 Азия және әлемдік рекордтар орнатты, ал өткен жылы Әлем кубогы кезеңінде голландиялық спортшы Йорриту Бергсмаға 10 мың метр қашықтықта әлемдік рекорд орнатуға 8 секунд қана жетпеді.

Жаңа мұз бетон плитаны қалпына келтіру және терең тазартудан кейін төселеді. Осылайша, «Алау» мұз айдыны жаңа маусымда бұрынғыдан да жүрдек әрі әдемі болады. Конькимен жүгіру спорты тарихында «Алау» сарайы мұз айдынын ерекше ресімдеді. Бұрын стадиондарда тек жаттығу жолдарының түстері ғана өзгертілсе, «Алау» сарайында жаңа маусымда стадионның логтипі мен фирмалық аясы белсенді пайдаланылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109