Жеңіл атлетикадан «Алтын күз» фестиваліне 1200 астам адам қатысты
Бүгін «Достық» спорт комбинатында жеңіл атлетикадан «Алтын
күз» фестивалі өтті, оған 1200 астам адам қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына
Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Фестиваль жеңіл атлетикадан жазғы маусымның жабылуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ерлер арасында 1000 м, әйелдер арасында 500 м. жүгіруден жарыс өтті. Спорттық шараларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, түрлі мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері, колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ, мектеп оқушылары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті - елімізде жеңіл атлетиканы дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалар арасында тәжірибе алмасу және мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz