1075

Жастар спорт ойындарының кубогы Астанаға әкелінді

Астана құрамасы Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар спорт ойындарында жалпы командалық есепте 2-орын алды. Аталмыш додада 472 спортшы елорданың намысын қорғады. Астана командасы өңірдің спорт тарихында тұңғыш рет жалпы командалық есепте 2-орынға қол жеткізді.

Астана құрамасы Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар спорт ойындарында жалпы командалық есепте 2-орын алды. Аталмыш додада 472 спортшы елорданың намысын қорғады. Астана командасы өңірдің спорт тарихында тұңғыш рет жалпы командалық есепте 2-орынға қол жеткізді. Бұл туралы аstana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Жастар спорт ойындары бірнеше айға созылды. Жақында аймақтық спорт ведомстволары басшыларының қатысуымен Шымкент қаласында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі алқасының көшпелі отырысы барысында ҚР Қысқы спартакиадасы мен ІІІ Жастар спорт ойындарының Кубоктарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Аталған екі кешенді шара - еліміздегі ең ірі додалар, сондай-ақ, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша еліміздің құрама командаларын жасақтау үшін басты іріктеу жарыстары болып табылады.

«Ойын қорытындылары бойынша Астана құрамасы 953 ұпаймен 103 алтын, 65 күміс және 112 қола медаль иеленді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Астана құрамасы Жастар спорт ойындары аясында барлық спорт түрінен жарыстарға қатысқан жалғыз команда.

Жалпыкомандалық есепте елордалықтар 17 спорт түрінен жүлделі орын алды. Маутинбайк, баскетболдан әйелдер құрамасы, көркем гимнастика мен велошоссе командалары жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар ойындары 35 спорт түрі бойынша өтті. Атап айтқанда, ауыр атлетика, қазақ күресі, оқпен ату, үстел теннисі, семсерлесу, гандбол (ерлер, әйелдер), садақ ату, волейбол (ерлер, әйелдер), бокс, баскетбол (ерлер, әйелдер), дзюдо, тоғызқұмалақ, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, стендтік ату, таэквондо, теннис, жүзу, велотрек, маутинбайк, велошоссе, байдаркамен және каноэмен есу, грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, су полосы (ерлер, әйелдер), суға секіру, академиялық жүзу, регби (ерлер, әйелдер).

Жарысқа 14 облыстың, Алматы және Астана қалаларының спортшылары қатысты. Жастар спорт ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі. Шараның мақсаты - жазғы спорт түрлерін одан ары дамыту, оқу-жаттығу үрдісінің сапасын тексеру болып табылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109