Жасөспірімдер арасында киокушинкай каратэден Еуропа чемпионатында екі астаналық спортшы жүлделі орын алды
Катовице (Польша) қаласында жасөспірімдер арасында киокушинкай каратэден Еуропа чемпионатында астаналықтар жүлделі орындарға қол жеткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарысқа түрлі мемлекеттерден 300 астам спортшы қатысты. Онда Киокушинкай каратэ республикалық ұлттық федерациясының Вице-президенті Сайранбек Әбілқайыров жетекшілік еткен Киокушинкай каратэ республикалық ұлттық федерациясының 3 спортшысы Әлішер Карменов, Нұрлыхан Сәдуақасов, Никита Гарас ел намысын қорғады. Атап айтқанда, 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 16-17 жас санатында Әлішер Карменов ІІ орын алды, ал 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 16-17 жас санатында Нұрлыхан Сәдуақасов III орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы киокушинкай каратэден 7-ші Еуропа чемпионаты (IKO-1) (7th European Junior Championships Kyokushin Karate) «кумите» және «ката» бөлімдері Польшаның Катовице қаласында өтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz