1224

«Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді

Астанада 29 қарашада «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді. Әлемнің 30 мемлекетінің 200 үздік спортшысы, әлемдік жұлдыздар, Олимпиада жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары Астанада Олимпиада лицензияларын сарапқа салады.

Астанада 29 қарашада «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді. Әлемнің 30 мемлекетінің 200 үздік спортшысы, әлемдік жұлдыздар, Олимпиада жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары Астанада Олимпиада лицензияларын сарапқа салады. Сочи-2014 олимпиадасында 10 000 метр қашықтықтағы жарысқа іріктеу «Алау» мұз сарайында өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұз сарайының баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Қазақстан құрамасы мен әлемдік жұлдыздар конькимен жүгіруден күш сынасады. Олимпиада ойындарына іріктеу барған сайын қиындап келеді. Бәсекелестік артуда. Сочиде 10 000 метр қашықтықта жарысқа қатысу үшін Әлем кубогында үздік 16 спортшының қатарына ену керек», - делінген хабарламада.  

«Алау» сарайындағы мұздың сапасын және спортшылардың Олимпиада қарсаңындағы аса жоғары деңгейдегі дайындықтарын ескере келе, елордада жаңа әлемдік рекордтардың орнатылуы секілді тарихи оқиғаның куәсі болуымыз әбден мүмкін.  

Қазақстан құрамасынан еліміздің үздік стайері Дмитрий Бабенко бағын сынайды, ол Әлем кубогы кезеңдерінің сериясы басталмас бұрын Канадада 3 000 метр қашықтықта ұлттық рекорд орнатқан болатын. 

Айдын иесі ретінде Қазақстан құрамасы әр қашықтықта бес-бес спортшыдан қатыстыра алады. Бұл бапкерлер штабына ұлттық штаттық команданы Олимпиадалық лицензияларға күрес барысында барынша әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Еске сала кетейік, ел құрамасының бас бапкері Вадим Саютин ойындарда 5-6 лицензия мен бір медальға қол жеткізетіндерін айтқан болатын. Құрама сапында қазіргі Әлем чемпионы Денис Кузин, еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары мен рекордшылары Екатерина Айдова, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі Астанада келесі бағдарламалар бойынша өтеді:

29 қараша. Әйелдер: 500м, 5000м. Ерлер: 1500 м.

30 қараша. Әйелдер: 500м, 1500м. Ерлер: 500м, 1000м.

1 желтоқсан. Әйелдер: 1000м. Ерлер: 500м, 10000м.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109