Астанада Ұлттық валюта күніне орайластырылған спартакиада өтеді
2013 жылы 9 қарашада сағат 10.00 «Алау» мұз сарайында Ұлттық валюта - теңге күніне, сонымен қатар, еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған жыл сайынғы спартакиаданың ресми ашылуы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарыс волейбол, шахмат, үстел теннисі, шағын футбол, бильярд сынды 5 спорт түрінен ұйымдастырылады. Оған мемлекеттік қызметкерлердің, Департаменттердің, Басқармалар мен Астана қаласының аудандық әкімдіктерінің командалары қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті - бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту, «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру, спорттық жарыстарға қатысушылардың шеберлігін шыңдау, спартакиадаға қатысатын мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық қатынастарды күшейту болып табылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz