1260

Астанада спортпен шұғылданатын адамдар саны 2 есеге артты

Бүгін Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті, онда қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпарат ұсынылды. Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті, онда қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпарат ұсынылды. Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Елордада соңғы бес жылда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны 2 еседен артық өскен, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 159 318 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 20,6% құрайды. 2009 жылы бұл көрсеткіш 74 217 адам немесе 10,8% болған.

Комиссия төрағасы Абай Байгенжиннің төрағалығымен өткен сапар барысында мәслихат депутаттары олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдердің спорт мектептерінің қызметтерімен танысты, жас спортшылардың дайындық жағдайларын көрді, жетістіктерімен бөлісті және спортты дамытудағы өзекті мәселелерді қозғады.

Үстіміздегі жылдың 1 қазан жағдайында спорт шараларының саны 505 құрады, соның ішінде 76 республикалық, 33-і халықаралық маңыздағы шаралар. 2012 жылы елордада 595 спорттық шара ұйымдастырылды, соның ішінде 106 республикалық, 35-і континенталдық және әлемдік дәрежедегі мәртебеге ие. 2009 жылмен салыстырғанда 480, 2010 жылы - 510, 2011 жылы - 580 спорттық жарыс өткен. 

Айта кетейік, балалар-жасөспірімдердің спорт мектептеріне қабылдау қорытындысы бойынша бастауыш топтарға 1 823 бала қабылданды. Спорттық мектептерде 6 673 адам оқиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 190 адамға артық. Болашақ чемпиондарды 392 білікті бапкер дайындайды. Спорт және дене шынықтыру саласында жалпы 1800 адам жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109