Астанада коньки тебу спортынан Әлем Кубогы өтеді
29 қарашада Астанада «Алау»
мұз сарайында коньки тебу спортынан бірден-бір ерекше сайыс - Әлем Кубогы
өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасынан хабарлады.
«Әлемнің 30 елінен келген үздік спортшылар, соның ішінде әлем жұлдыздары, олимпиада мен әлем чемпионатының жүлдегерлері күш сынасады. Дәл осы «Алау» спорт кешенінде 10 000 метрге жүгіруден «Сочи-2014» Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады. Олимпиадалық ойындарға іріктеу жарыстан-жарысқа қиындап келеді. Бәсекелестік өршіп тұр. Сочи Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіру үшін Әлем Кубогында үздік 16 спортшының қатарына ену керек», - делінген хабарламада.
«Алаудағы» мұздың сапасы мен спортшылардың олимпиада қарсаңында жүргізген қарқынды дайындықтарын ескерсек, Астанада өтетін жарыста жаңа әлем рекордының тіркелуіне байланысты тарихи оқиғаның куәгері болуымыз әбден мүмкін.
Қазақстан құрамасының сапында қазіргі әлем чемпионы Денис Кузин, еліміздің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен рекордсмендері Екатерина Айдова, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцетер, Дмитрий Бабенко ел намысын қорғайды.
Астанада Әлем Кубогының кезеңі келесі бағдарлама бойынша өтеді:
29 қараша. Әйелдер: 500м, 5000м. Ерлер: 1500 м.
30 қараша. Әйелдер: 500м, 1500м. Ерлер: 500м, 1000м.
1 желтоқсан. Әйелдер: 1000м. Ерлер: 500м, 10000м.
Жанкүйерлер үшін кіру - тегін.
134�;a���8{�:0cm;line-height:18.4pt;background:white'>Вход для болельщиков – свободный.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz