Елордалық команда су полосынан біріншілікте жеңіске жетті
Астанада су полосы біріншілігінде елордалық «Астана 1»
құрамасы көш бастады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене
шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
1998 жылы туған және одан кіші балалар арасында «СК Астана 1» құрамасы Орал қаласының «Жайық» командасымен шешуші шайқаста жеңімпаз атанды. Ойын 16 - 6 есебімен аяқталды, елордалықтар жалпы есепте 8 ұпаймен 1 орын иеленді.
12-6 есебімен «СК Астана 2» командасынан басым түскен Қарағанды қаласы спорт мектебінің командасы 5 ұпаймен екінші орында. Оралдық «Жайық» командасы 4 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
2000 жылы туған әйелдер мен ерлер арасында ақтық сында «Юность» пен «Астана 2002» командалары бақ сынасты. Кездесу 13-0 ұпаймен алғашқының пайдасына шешілді. Екінші орында «Жеңіс» қыздар командасы. «Динамо» 5-12 нәтижесімен «Юность» командасына есе жіберіп, үшінші орын алды.
Жарыста 1998 жылы туған ерлер үздік ойыншы атанды: Овсейчик Денис (СК Астана 1), Ермұхаметов Руслан (Барсы), Хайруллин Тимур (СК Астана 2), Болатов Азат (Жайық). 2000 жылы туған және одан кіші әйелдер мен ерлер арасында Балықбаев Бексұлтан (Юность), Маматов Дидам (Астана Pro Team), Барда Данил (Динамо), Маханова Амира (Жеңiс), Мұхамеджанов Талмас (Астана 2002) үздік атанды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz