Астанада семсерлесуден халықтаралық турнир жалауын көтерді
Елордада семсерлесуден «Астана қылышы» ІІІ халықаралық
турнирі жалауын көтерді. Аталған дода 4-9 желтоқсанда «Дәулет» спорт комбинатында
өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасынан хабарлады.
Турнирдің бастапқы жарыстарына 70 спортшы қатысты. Қылыштасудан алғашқы жеңімпаздар анықталды. Жалпыкомандалық есепте әйелдер арасында Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы көш бастады. Екінші орында Алматы облысы, үшінші орынды Қарағанды облысы мен Астана командалары өзара бөлісті. Ерлер арасында Алматы облысының құрамасы үздік атанса, ОҚО екінші, РКС-1 және Қарағанды облысының құрамалары үшінші орында.
Келесі кезекте рапирамен сайысу өтеді. Ал 8-9 желтоқсанда семсермен сайысудан жеңімпаздар анықталады.
Айта кетейік, турнир алғаш рет 2011 жылы өткізіліп, қазақстандық спортшылардың -семсер, қылыш және рапира шеберлерінің қызығушылығын тудырды. Жыл сайын турнирге қатысушылардың саны артып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде жарыс кеңінен танымал. Додаға қатысушылардың жалпы саны семсерлесушілердің кездесулері басталғанда белгілі болады.
Еске салайық, жарыс 9 желтоқсанға дейін «Дәулет» СК өтеді. Кіру тегін.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz