Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттері «Үздік спортшы университет» атағын сарапқа салуда
Астанада жоғары оқу орындарының студенттерінің арасындағы 16
спорт түрінен «Біз дені сау Қазақстан үшін!» универсиадасы өтіп жатыр. Бұл
туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасынан хабарлады. Төрт спорт түрі бойынша өткен жарыстың қорытындысы
бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері
95 ұпай жинады. Екінші орында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,
ал үшінші орында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті.
Шахматтан жалпыкомандалық есепте Назарбаев Университеті көш бастады. Тоғызқұмалақтан және үстел теннисінен Л.Н.Гумилев атундағы ЕҰУ командасы жеңіске жетті. Ал ҚазАТУ студенттері жалпы есепте қазақ күресінен басым түсті, соның арқасында қалған спорт түрлерінен аталған ЖОО студенттері жеңіс тұғырына көтерілді. Аралық қорытындыға сәйкес, ҚазАТУ алда келеді.
Айта кетейік, спорттық Универсиада студенттер арасында кеңінен танымал, себебі, бүгінгі таңда жастардың көбі спортқа баса назар аударады. Қазіргі уақытта қатысушылар волейболдан күш сынасуда. Алдағы уақытта шаңғы-роллерлік трассадағы жарыстар басталады. Қаланың «Үздік спортшы университеті» 2014 жылы мамыр айында анықталады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz