1177

Астанада грек-рим күресінен әлем чемпиондары «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын» сарапқа салады

Бүгін қалалық «Дәулет» спорт комбинатында грек-рим күресінен әлем чемпиондары «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын» сарапқа салады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады

Бүгін қалалық «Дәулет» спорт комбинатында грек-рим күресінен әлем чемпиондары «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын» сарапқа салады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

«Грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирі Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясының (FILA) күнтізбесіндегі аталған спорт түрінен жалғыз турнир болып табылады және ережелер өзгертілгеннен кейін биыл алғаш рет өткізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Бас бапкер Танат Сыздықов жетекшілік еткен Қазақстан құрамасы додаға бес құраммен қатысуда. Сонымен қатар, жарыста Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Мысыр, Нигерия, Тәжікстан, Беларусь және Украина балуандары күш сынасады.

Айта кетейік, грек-рим күресінен беделді жарыс төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2010 жылы турнир «қабырғаға қабырға» қағидасы бойынша командалық біріншілік ретінде ұйымдастырылды. Дода 2011 жылы да дүбірлеп өтті. Халықаралық турнирде екі жыл қатарынан Қазақстан құрамасы көш бастап келді. Осы уақыт ішінде жарысқа әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлемнің түкпір-түкпірінен атақты балуандар қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109