1178

Астанада Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының жартылай финалы және финалы өтеді

14-15 желтоқсанда Астанада «Дәулет» спорт кешенінде ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Спорт басқармасынан хабарлады.

14-15 желтоқсанда Астанада «Дәулет» спорт кешенінде ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Спорт басқармасынан хабарлады. 

14 желтоқсанда сағат 15.00 жартылай финалда шаршы алаңда елорданың және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары қолғап түйістіреді. Ал екінші кездесуде Қарағанды және Маңғыстау облыстарының боксшылары бақ сынасады. 

Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін де Қазақстандық бокс федерациясының жүлделерін иеленген болатын. Астана қаласының құрамасы 2010 жылы, Қарағанды облысы 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері 2012 жылы аталған Кубокты жеңіп алған еді. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет  (2010, 2012 ж.ж.) осы жарыстың ақтық сынына дейін жеткен.

«Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалының барысында тұңғыш рет үш салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы  жекпе-жектер өтеді. Ал келесі Қазақстандық бокс федерациясының Кубогында әйелдер құрамасы ерлер командасымен тең дәрежеде өнер көрсететін болады. 

15 желтоқсанда сағат 15.00 Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының финалы өтеді. Сонымен қатар, Қазақстандық бокс федерациясының ең үздік аталымдары бойынша 2013 жылғы жеңімпаздар және бокс ардагерлері марапатталады. Ведомство astana.kz сайтына хабарлағандай, жарысты көремін деушілерге кіру тегін. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109