1847

Астана құрамасы Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының ақтық сынында көш бастады

Астана құрамасы Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының ақтық сынында көш бастады. Бұл ҚБФ кубогының төртінші маусымындағы екінші жеңіс. Астана 2010 жылы бірінші маусымда өңірлік бокс федерацияларының арасында чемпион атанған болатын. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Астана құрамасы Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының ақтық сынында көш бастады. Бұл ҚБФ кубогының төртінші маусымындағы екінші жеңіс. Астана 2010 жылы бірінші маусымда өңірлік бокс федерацияларының арасында чемпион атанған болатын. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

14-15 желтоқсанда Астанада «Дәулет» спорт кешенінде 4 команданың арасында жартылай финалдық және финалдық кездесулер өтті. Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін де Қазақстандық бокс федерациясының жүлделерін иеленген болатын. Астана қаласының құрамасы 2010 жылы, Қарағанды облысы 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері 2012 жылы аталған Кубокты жеңіп алған еді. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет  (2010, 2012 ж.ж.) осы жарыстың ақтық сынына дейін жеткен.

Жартылай финалдың бірінші матчта қосымша кездесудің қорытындысы бойынша  Астана қаласының құрамасы 6:5 есебімен оңтүстікқазақстандықтардан басым түсті. 

Ал Қарағанды облысының командасы 7:3 есебімен Маңғыстау облысының былғары қолғап шеберлеріне есе жіберді.  

15 желтоқсанда Астана құрамасы Маңғыстау облысының спортшыларымен жұдырықтасып, 6:4 есебімен жеңіп, Қазақстандық бокс федерациясы Кубогына екінші рет қолжеткізді. 

Жеңімпаздарға Кубокты Қазақстандық бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев табыс етті. Елордалық команданың сапында Азат Камзин (49 кг), Ільяс Сүлейменов (52 кг), Мейірболат Тоитов (56 кг), Мейірім Нұрсұлтанов (69 кг), Василий Левит (91 кг) пен Ермек Үсенов (+91кг), ал Маңғыстау облысының құрамасынан 2013 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері Берік Әбдірахманов (60 кг), Жәнібек Әжібай (64 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) және Олимпиада-2012 мен соңғы екі Әлем чемпионатының финалисті Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ақтық сында жеңіске жетті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109