Елордалық жасөспірім ватерполистер құрамасы ҚР чемпионатынан жүлделі қайтты
Су полосынан Астана қаласының жасөспірімдер құрамасы ерлер арасында ҚР чемпионатында екінші және қыздар арасында үшінші орын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
13-19 желтоқсанда Алматыда 2000-2001 жж туған балалар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 туры мен финалы өтті. Жарысқа Тараз, Қарағанды, Алматы, Ташкент және Астана командалары қатысты. Дүбірлі додада «СК Астана» ерлер мен қыздар құрамасы елордамыздың намысын қорғады. Олардың басты қарсыластары Алматы құрамасы болды.
Ақтық сында «СК Астана» 19:24 есебімен Алматы қаласының спортшыларынан жеңіліп, екінші орын алды. Тараз қаласының құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты. Қыздар арасында Алматы қаласы бірінші, Тараз құрамасы екінші, «СК Астана» командасы үшінші орынға қолжеткізді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz