Астанада шаңғы маусымы ашылды
Елордада шаңғы роллерлік трассада қысқы шаңғы маусымының
салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алғашқы ресми жарысқа 300 астам адам қатысты. Бұл
туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасынан хабарлады.
Әууесқойлар мен кәсіби спортшылар қатысқан жарысқа келгендердің бәріне шаңғы берілді. 2000 жылы туған және одан кіші балалар арасындағы жарыста ұлдар арасында Петр Сиверин басым түссе, қыздар арасында Арина Шуляк 1 шақырымда көш бастады. 5 км жарыста 1998-1999 жж туғандар арасында Владимир Червонный мәреге бірінші болып жетті, осы жас санатында Дарья Людвиг 3 км жарыста үздік атанды. Сонымен қатар, 1996-1997 жж туғандар арасында Рустам Көпербаев жеңіске жетті, ал Рустам Аманжолов екінші орын алды. Айғаным Жұмағұлова қыздар арасында 3 км басымдық танытты.
1994-1995 жылы туғандар және одан үлкендер арасындағы Ерасыл Тасболатов көш бастады. Артем Асламов пен Руслан Қожаев екінші және үшінші орындарға тұрақтады.
Дәстүр бойынша бұқаралық жарысқа қатысатын Ардагерлер де тыс қалған жоқ. Леонид Антонов пен Светлана Иманғажина өте жақсы нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, өткен шаңғы маусымында өткен жарыстарға 5 мыңнан астам елорда тұрғыны қатысқан болатын. Жыл сайын белсенді демалатын астаналықтардың саны артып келеді, сондай-ақ, қалада бұл үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Елорда тұрғындары мен қонақтары шаңғы роллерлік трассаға күнде сағат 10.00-20.00 бара алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz