1803

Коньки тебу спортынан әлем чемпионы Денис Кузин кішкентай спортшыларға «Чемпион сабағын» өткізді

Коньки тебу спортынан әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин спорт секцияларының тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Коньки тебу спортынан әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин спорт секцияларының тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Коньки тебу спортынан әлем чемпионы қазақстандық спортшы Денис Кузин «Алау» мұз айдынында спорт секцияларының тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізіп, өзінің білімі мен тәжірибесімен өскелең ұрпақпен бөлісті.

Сонымен қатар, Денис Кузин сұрақ-жауап сессиясын өткізіп, қолтаңбалар таратты. «Мұндай сабақтардың басты мақсаты - балаларға өзіне қажетті машықтарды игеруге мүмкіндік беру және оларды жоғары нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру. Үлгі аларлық тұлғаны өз көздерімен көрген соң жастардың шабытына шабыт қосылары сөзсіз!» - дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Денис Кузиннің алтын жүлдесі биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі. Бұған дейін коньки тебу спортынан отандастарымыз жоғары сұрыпты медаль алған емес. Алдағы уақытта чемпион кең ауқымты спорттық шара - Сочидегі Олимпиада ойындарына қатыспақ.

Еске салайық, «Чемпион сабағы» республикалық акциясына бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан әлемнің күміс жүлдегері Денис Тен, шаңғы тебу спортынан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Алексей Полторанин, биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева қатысқан болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109