Астана командасы шайбалы хоккейден Ресей біріншілігінде жеңіске жетті
«Барыс» спорт кешенінде 2000 жылы туған балалар арасында
шайбалы хоккейден Ресей біріншілігі өтті, онда елордалық команда жеңіске жетті.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасынан хабарлады.
Мұз айдынында «Астана-2000» және «Кедр» (Новоуральск қ.) командалары күш сынасты. Кездесу барысында 17-1 және 11-0 есебімен «Астана-2000» командасы жеңіске жетті.
Бұдан басқа, елордада өткен жарысқа 1998 жылы туған жасөспірімдер қатысты, онда 7-2 және 7-0 есебімен «Астана-1998» командасы басым түсті.
Айта кетейік, шайбалы хоккейден жүйелі ойындар маусымы 2013 жылы маусымда басталып, 2014 жылғы сәуір айына дейін жалғасады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz