1246

Елордада тхэквондо шеберлері өз өнерлерін ортаға салады

2014 жылдың 22 қаңтарында Астанада тұңғыш рет Корея Республикасының тхэквондошылары жауынгерлік өнердің көрнекілік жекпе-жегін өткізеді. Іс-шара Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының (WTF) президенті профессор Чжо Чжонг Вонның Қазақстанға сапары аясында ұйымдастырылады.

2014 жылдың 22 қаңтарында Астанада тұңғыш рет Корея Республикасының тхэквондошылары жауынгерлік өнердің көрнекілік жекпе-жегін өткізеді. Іс-шара Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының (WTF) президенті профессор Чжо Чжонг Вонның Қазақстанға сапары аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы аstana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Ресми сапар барысында үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа құрметті тоғызыншы дан дәрежесі мен қара белбеу салтанатты түрде тапсырылады.

1973 жылы негізін қалаған Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы (WTF) Халықаралық олимпиадалық комитет мойындаған ірі спорттық ұйым болып табылады. Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының президенті Вон мырза Астанаға сапары барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Т.К.Есентаевпен және Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Т.А.Құлыбаевпен кездеседі. 

Бұған қоса, кореялық делегаттар Астананың спорт алаңдарын және елорданың көрікті орындарын аралайды. 22 қаңтарда тхэквондоның үздік шеберлері «Дәулет» спорт кешенінде көрнекілік жекпе-жек көрсетеді.

Тхэквондо шеберлерінің өнерін әуесқойлар мен кәсіпқойлар, сондай-ақ барша жұрт тамашалай алады. 

Корея спортшыларының сапары тек көрнекі жекпе-жекпен ғана шектелмейді. Жауынгерлік өнердің үздік спортшылары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен жаттықтырушыларға семинар және шеберлік сыныбын өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109