1408

Фан-клубта қазақстандық олимпиадашыларға қолдау көрсететін жастардың саны артуда

Жастар саясаты мәселелері агенттігінен astana.kz сайтына хабарлағандай, сүйікті спортшыларына қолдау көрсетіп, алған әсерлерімен және спорт жаңалықтарымен бөлісуге ниетті жастардың саны күн сайын артып келеді. Штаб-пәтер Олимпиада жабылғанша күнде жұмыс істейтін болады.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Астанада жанкүйерлердің фан-клубы өз жұмысын бастады. 7-23 ақпанда кез-келген адам Astana Mall Multispace Коворкингте Сочидегі Олимпиада ойындарының тікелей трансляциясын тамашалай алады.

Жастар саясаты мәселелері агенттігінен astana.kz сайтына хабарлағандай, сүйікті спортшыларына қолдау көрсетіп, алған әсерлерімен және спорт жаңалықтарымен бөлісуге ниетті жастардың саны күн сайын артып келеді.

Мысалы, 12 ақпанда қысқы спорт түрлері бойынша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, жаттықтырушылары мен ата-аналар да жанкүйерлерге қосылды. Олар конькимен жүгіру жарысының тікелей трансляциясын тамашалады.

«Жас жанкүйерлер «Қазақстан, АЛҒА!», «Наши спортсмены самые лучшие!» деп ұрандатып, қашықтыққа қарамастан қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетті. Штаб-пәтер Олимпиада тақырыбында безендірілген», - дейді ұйымдастырушылар. 

Штаб-пәтер Олимпиада жабылғанша күнде жұмыс істейтін болады. 23 ақпанда қатысушыларды көп қызық күтеді, деп атап өтті қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109