1799

Астанада қысқы спорт маусымы «Бұрқасын-2014» фестивалімен аяқталды

Астанада қысқы маусым дәстүрлі «Бұрқасын-2014» фестивалімен аяқталды. Аталған іс-шара биыл он төртінші рет ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Астанада қысқы маусым дәстүрлі «Бұрқасын-2014» фестивалімен аяқталды. Аталған іс-шара биыл он төртінші рет ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Биыл 2000 астам адам шаңғы фестиваліне қатысты. Көктемнің алғашқы күні шуақты, қар мол болды. Жарыс барысындаәйелдер арасында Әлия Әбдуәхитова, ерлер арасында - Евгений Валиев мәреге бірінші болып жетті. Ардагерлер арасында тәжірибелі шаңғы әуесқойлары Геннадий Герасименко мен Галина Корнилова жеңіс тұғырына көтерілді. Ерлер мен қыздар арасында Дмитрий Адамович пен Камила Баранник - қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ тәрбиеленушілері көш бастады. Сонымен қатар, Рүстем Капербаев пен Айғаным Жұмағұлова (1996-1997ж.т.), Владимир Червонный мен Дарья Людвиг (1998-1999ж.т.), Лев Киселев пен Арина Шуляк (2000-2001 гг.р.) жеңімпаздар қатарына енді. 2003 ж.т. және одан кіші балалар арасында Әмір Әбдуәхитов пен Ксения Шевчук сенімді жеңіске қол жеткізді. 

Қалалық мектептер арасындағы жарыс бөлек өткізілді. Бұл додада Ғалымжан Бекежан мен Светлана Олонцева суырылып алға шықты. Сонымен қатар, шаңғы фестиваліне Астана қаласының күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Бұл жарыстардағы бәсекелестік әдетте жоғары болады, онда Азамат Карасартова мен Светлана Иманғажина жеңді. Ұлттық Гвардия өкілдері Дархан Сәрсеекеев, Азат Нұрханов пен Дмитрий Завтура үздік «ұландар» атанды.

«Бұрқасын» фестивалі жыл сайын Есіл өзенінде өткізіледі. Биыл белсенді спорт әуесқойлары да басқа спорт түрлері бойынша күш сынасты. Атап айтқанда, белбеу күресінен Ернар Қазы, Нұртас Саятов, Айдос Құлманбетов қарсыластарынан басым түсті. Гір көтеруде Сапархан Әбдірашев (8 кг), Райымбек Өтелбаев (16 кг) пен Жомарт Тілеушев (24 кг) көш бастады. Айта кетейік, 16 және 24 кг салмақты гір көтеруде Ұлттық гвардия өкілдері жеңімпаз атанды. Шаңғы фестивалінің ажырамас бөлігі - мұзасты балық аулаудан әуесқой балықшы Қайрат Шабатов бірінші, Владимир Никитин екінші және Сергей Фролов үшінші орын алды. Армрестлингте Ерлан Жайлаубаев, Алмаз Жауқынбаев пен Рамиль Завтура жеңіске жетті. «Бұқа тартыста» ересектер арасында Төлеш Талғат (Ұлттық Гвардия) және балалар арасында Қайсар Нұрлан (№51 МГ) ерекше көзге түсті. Ашы мұз айдынында №10 мектептің хоккейшілері де өз өнерлерін ортаға салды. Футболшылар да қар үстінде доп айдады. Арқан тартудан ересектер арасында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және балалар арасында «Жеңіс» командасы басымдық танытты. Шаңғышылардан кейін классикалық раллиден жүргізушілер арасындағы чемпионаттың бірінші туры өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109