1158

Елордалық велоспортшылар жаңа маусымды жеңіспен бастады

Еліміздегі велоспорт маусымын ашқан жыл сайынғы Қысқы чемпионатта елордалық спортшылар алтын олжалады. Наурыз айының соңында Шымкент қаласында 14 команданы біріктірген ел біріншілігі өткен болатын. 40 км командалық жарыста астаналық квартетке тең болған ешкім табылмады.

Еліміздегі велоспорт маусымын ашқан жыл сайынғы Қысқы чемпионатта елордалық спортшылар алтын олжалады. Наурыз айының соңында Шымкент қаласында 14 команданы біріктірген ел біріншілігі өткен болатын. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.  

«40 км командалық жарыста астаналық квартетке тең болған ешкім табылмады. Алексей Волошин, Григорий Штейн, Максим Сатликов және Сұлтан Ниязов төртеуі бірінші орынды иеленді. Екінші орын Алматы командасы, үшінші орын - Алматы облысының командасында. Үшінші күні топтық жарыста «Астана Конти» командасы жеңімпаз атанды», делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, андерлер мен жасөспірімдер қатысатын алғашқы жарыс күні 12 км шақырымға жеке жарыс өткізілді. Жарыс жолы Шымкент-Қарағанды жаңа тас жолдың бойымен өтті. Бұл дистанцияда үздік атанған Алматы қаласының өкілі Шакир Әділов болды. 

Чемпионаттың соңғы күні критериумнің жеңімпаз бен жүлдегерлері анықталды. 40 км дистанцияда 10 аралық сөрелер болса, бұл додада СҚО өкілі Бахтияр Қожатаев үздік болып танылды. Екінші орында алматылық Сергей Лущенко мен қола жүлде жасөспірімдер құрама командасының өкілі, елордалық велоспорт спорт мектебінің шәкірті Григорий Штейннің еншісінде.

Айта кетейік, елордалық спортшылар Астана қаласының №6 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінде жаттығады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109