1827

"Қазақстан барысы" турнирінде үздік қатысушылар күш сынасады

29 сәуір күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде ҚР Президентінің сыйлығы үшін «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі болып табылатын қазақ күресінен «Астана қыраны» жарысы өтті. Іріктеу сайысына ниетті жандардың барлығы қатысты.

29 сәуір күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде ҚР Президентінің сыйлығы үшін «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі болып табылатын қазақ күресінен «Астана қыраны» жарысы өтті. Жарыстың ұйымдастырушысы - Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен астаналық қазақ күрес федерациясы.

Іріктеу сайысына ниетті жандардың барлығы, соның ішінде кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 96 адамды құрады. Басты жекпе-жектерге 32 палуан қатысты. Оның екеуі ғана «Қазақстан барысына» жолдама алды.

Олар - халықаралық дәрежесіндегі спорт шебері Арман Әбеуов (120 кг) пен еркін күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионы мен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегері Нұрғали Байтарақов (90 кг).

Екеуі финалға жету жолында төрт-төрт белдесуден сүрінбей өткен болатын. Арман алғашқы кезеңін Айбек Қалибековпен өткізіп, кездесуді таза жеңіске жеткізді. Одан кейін Ғабит Балықпаевты өтіп, ¼ финалда Асхат Уәлиевпен боз кілемде кездесті. Нұрғали алғашқы белдесуде Әділхан Сұлтановты өтіп, Азат Кенжебековпен белдесті. Қарсыласынан басым түскен ол ширек финалда өткен жылы «Астана қыраны» атанған Ғани Сейділдаевпен кездесті. Бұл жолы 21 жасар Нұрғали Байтарақов тәжірибелі қарсыластан озып шықты.

Жартылай финалда екі палуан сәйкесінше Айбат Сейтен (100 кг) мен Сергей Пак (90 кг) күресшілерімен бақ сынасты. Арман Айбатты таза жеңіспен ұтса, Нұрғали де Сергеймен күресу нәтижесінде аяқтан орап лақтыру арқылы әдісті қолданып, таза жеңіске жетті. Екі финалист арасындағы ақтық сын екі минут аралығында өтіп, соңғы сәтте Арман артынан шалып, қарсыластың екі жауырынын кілемге тигізіп таза әдіспен жеңген болатын. Енді екеуі де «Қазақстан барысы» жарысында Астана қаласының намысын қорғамақ.

Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтарға ие болды, бірақ ең маңызды жүлде, әрине, басты бәсекеге жолдама.

«Ақтық сында қарсыласым Нұрғалимен кездесу қиынға соқты, - дейді жарыстан кейін «Астана қыраны» атанған жеңімпаз Арман Әбеуов, -  финалдың аты финал ғой. Жеңісіме, әрине, өте қуаныштымын. Қазақтың төл спортымызды қолдап, жарысты жоғары дәрежеде өткізген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келіп отыр. Енді, «Қазақстан барысы» жарысына дайындаламыз. Астананың намысын қорғауға тырысам».

Айта кетейік, еліміздің үздік палуандардың басын біріктіретін «Қазақстан барысы» жарысы Астана қаласында 29 маусымда өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109