1256

Елордалық велошабандоздар жалпы командалық есепте І орын алды

Кеше Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) XXXIII Бүкілресейлік көпкүндік жастар веложарысы аяқталды. Оған 16 команда, 90 спортшы қатысты. Бес күннің қорытындысы бойынша Астана командасы жарыста жалпы командалық есепте көш бастады, ал Қадылбек Қайрат (бапкері Риве В.Р.) жеке жарыста 2-орын алды.

Кеше Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) XXXIII Бүкілресейлік көпкүндік жастар веложарысы аяқталды. Оған 16 команда, 90 спортшы қатысты. Бес күннің қорытындысы бойынша Астана командасы жарыста жалпы командалық есепте көш бастады, ал Қадылбек Қайрат (бапкері Риве В.Р.) жеке жарыста 2-орын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының чемпионатында 4 күндік топтық жарысқа 13 команда, 190 спортшы қатысты. Соның ішінде 33 спортшы елорданың намысын қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Филипович 31 баллмен 3-орынға тұрақтады, ал бірінші және екінші орындар сәйкесінше, Роман Василенков (Қарағанды обл.) пен Владимир Цойға (Алматы облысы) бұйырды. Қыздар арасында Надежда Генелева (Қарағанды облысы) бірінші, Светлана Рябова (Алматы облысы) екінші және Екатерина Юрайтис (Алматы облысы) үшінші орын алды. Ұлдар арасында Вадим Пронский үздік атанды - 44 ұпай, Сергей Пономарев (АО) екінші, Ұлысбаев Дінмұхамед (Жамбыл обл.) үшінші орынға табан тіреді. Қыздар арасында Рината Ахметча (Павлодар облысы) бірінші, Жанерке Санақбаева (Қарағанды облысы) екінші, Вероника Мырксина (АО) үшінші орын алды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының командасы Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының таулы чемпионатына қатысуда. 21-26 мамырда Астанада және 27 мамыр мен 02 маусым аралығында Қарағандыда өтетін Азия чемпионатына дайындық жүріп жатыр. Жарысқа Қазақстан құрамасына енген №6 ОРБЖСМ 10 спортшысы қатысады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109