2498

Мен спортты таңдаймын

Астаналықтар Спорт күніне орай ұйымдастырылған шараларға жаппай атсалысуда. Бүгін сағат 10.00-де «Алау» мұзайдыны мен «Дәулет» спорт кешенінде әуесқойлар арасында үстел теннисінен ашық турнир өтеді. Ал, Желтоқсан және Ә. Жангелдин көшелерінің қиылысындағы спорттық алаңда Сарыарқа ауданының тұрғындары «Көңілді стартқа» қатысады. Дәл осы уақытта Қабанбай батыр және Жәнібек-Керей хандары көшесінің қиылысындағы спорттық алаңда «Нұр Отан» партиясының бастауыш органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтеді.

Одан бөлек, қаладағы спорт кешендерінде түрлі спорттық жарыстар таңертеңнен өткізіліп жатыр. «Сармат» спорт кешенінде Жасөспірімдер арасында каратэ-додан Астана қаласының чемпионаты өтсе, «Толқын» спорт кешенінде Академиялық есуден, байдарка мен каноэ есуден, желкен спортынан «Олимпиадалық резервінің мамандандырылған № 4 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» біріншілігі бастау алған. «Достық» спорткомбинатында ересектер арасында гир тасын көтеріп, қол күресінен озық шыққандар бас қосты. «Asia Park» СОСО да Спорт күніне орай бірқатар шара ұйымдастырған. Мұнда сағат 13.00-ден бастап барлық қала қонақтары мен тұрғындары «Подтянись за скидкой» акциясына қатыса алады. Үздік шыққандар қаладағы фитнес-клубтардың біріне абонемент ұтып алады. Ал, ертең, сағат 15.00-де «Жастар» сарайының алдындағы алаңда Zumba Fitness орталығының шеберлік-сыныбын көрсетеді. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде Муайтайдан ересектер арасындағы Қазақстан кубогі үшін өтіп жатқан жарыс ертең қорытындыланады. Шынығып, шымыр болыңыздар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109