Елордада Олимпиада күні аталып өтіледі
6 қыркүйекте Астанада
Олимпиада күні аталып өтіледі. Мерекеге орай 8-11 сынып оқушыларының, колледж
бен орта оқу орындарының студенттерінің арасында жүгіруден жарыс өткізіледі. Министрліктер мен
ведомстволардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, елшіліктердің
қызметкерлері, Олимпиада чемпиондары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері
мен ниет білдірген жандар 1200 м жүгіру жарысына қатысады. Бұл туралы astana.kz
сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 100 м қашықтыққа қол арбамен жүгіруден жарыс, ал 5-10 жастағы балалар арасында «Олимпиада жарысы» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.
Мерекелік спорттық шаралардың жеңімпаздарына Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан естелік сыйлықтар мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қол қойған сертификаттар табысталады.
Олимпиада күні 6 қыркүйекте сағат 10.00 Астаналық мәдениет және демалыс паркінде салтанатты түрде ашылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz