1179

Астаналықтар Олимпиадалық күні бұқаралық жүгіруге қатысады

6 қыркүйекте Қазақстанда Олимпиадалық күн өткізіледі. Осыған орай елордада бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Бұл күні елімізде бұқаралық жүгіру мен түрлі спорттық турнирлер өтетін болады. Меніңше, мереке қатысушылар мен жанкүйерлердің ойынан шығады. Шараға қазақстандық спортшылар да қатысады», - деді Астана қаласы ҰОК филиалының төрағасы Қуандық Елжанов.

Олимпиадалық күні 8-11 сынып оқушылары, колледждер мен орта оқу орындарының студенттері арасында 800 метрге жеке жүгіру екі кезеңмен өткізіледі. Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, елшіліктердің қызметкерлері, Олимпиада чемпиондары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері мен ниет білдірген жандар 1200 м жүгіру жарысына қатысады. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 100 м қашықтыққа қол арбамен жүгіруден жарыс, ал 5-10 жастағы балалар арасында «Олимпиада жарысы» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.

1972 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегені Виктор Абоимовтың айтуынша, биыл Олимпиадалық күн негізгі үш ұранмен өтеді: «Қозғал», «Зертте», «Жаңалық аш». «Дене тәрбиесі мен спортқа әуес жандар осы күні спортшылармен кезедсіп, шараларға қатыса алады. Мұнда жеңіске жету емес, ең бастысы қатысу»,- деді ол.

Мерекелік спорттық шаралардың жеңімпаздарына Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан естелік сыйлықтар мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қол қойған сертификаттар табысталады.

Олимпиадалық күн 6 қыркүйекте сағат 10.00 Астаналық мәдениет және демалыс паркінде салтанатты түрде ашылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109