1196

Астанада «Өнегелі отбасылар сайысы» өтті

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында «Өнегелі отбасылар сайысы» өтті. Бұл шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Еске салсақ, елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтіледі. 

«Дәулет» спорт кешенінде өткен спорттық-мәдени эстафеталық іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыста мемлекеттік қызметкерлер командаларға бөлініп, жылдамдыққа, уақытқа, тапқырлыққа бақ сынады.

«Толағай» бағдарламасының нұсқасында өткізілген жарыста тек үш жеңімпаз анықталды. Бірінші орынды «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының «Сарыарқа» атты командасы иеленді. Екінші және үшінші орын Астана қаласы Білім басқармасының «Бірлік» командасы мен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Тұлпар» командаларына бұйырды. Сайысқа қатысқан барлық отбасына велосипедтер мен басқа сыйлықтар табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109