1862

Қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Астанада күштік құрылымның 111 қызметкері қоян-қолтық ұрыстан бақ сынасты. 12-13 қыркүйекте 5573 әскери бөлімінің «Көктал» спорттық-сауықтыру кешенінде ҚР Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан жарыс өткізілді. Додаға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҰҚК Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұлан, сонымен қатар, жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорт ұйымдарынан 9 салмақ дәрежесінде 13 құрама қатысты. 

Ұлттық санаттағы төреші Арман Ахашов бастаған қазылар алқасының құрамына еліміздің күштік құрылымдарының өкілдері енді. 

ҚР Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысының қамқорлығымен өткізілетін турнир спорт әлеміндегі маңызды шараға айналды. Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құттықтап сөз сөйледі. Оның айтуынша, спорттық шараның мақсаты - қоян-қолтық ұрысты әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, әскери оқытудың маңызды құралы ретінде салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың кәсіби шеберлігін және төрешілердің біліктілігін арттыру болып табылады. 

Жарыстың алдын ала кезеңінде және жартылай финалда ҚР Ұлттық ұлан командасы көш бастады. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері де алға шықты. 

Екінші күні жарыс жеңімпаздары анықталды. Жалпы командалық есепте Ұлттық ұлан спортшылары бірінші орын алды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті екінші орынға тұрақтаса, ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшінші орынға табан тіреді.

Ұлттық ұлан командасының 10 өкілі тоғыз салмақ дәрежесінде көш бастап, 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

ІІМ ҚАЖК спортшылары 4 медаль және ҰҚК ШҚ өкілдері 5 медаль иеленді. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және «Динамо» спорт клубының өкілдері де жеңіс тұғырына көтерілді.

Марапаттау рәсімі барысында Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысы жарыстың мықтыларды анықтап қана қоймай, достықты нығайтуға ықпал ететінін де атап өтті. Ведомство басшысы спортшыларға, жаттықтырушылар құрамына, төрешілерге алғыс айтып, барлығын келер жылы өтетін екінші халықаралық турнирге шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109