Рафаэль Надаль теннис орталығында көрнекі матч өткізеді
Астанада тұңғыш рет Рафаэль Надаль француз теннисшісі Жо-Вильфрида Тсонгаға қарсы көрнекі матч өткізеді. Кездесу сағат 19.00 Ұлттық теннис орталығында өтеді. Сондай-ақ атақты спортшыны бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.
Кездесуді ұйымдастырушы - Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. «Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонг сынды әлемдік теннис жұлдыздарының Астанаға келгеніне қуаныштымын. Бұл сапар біздің жас теннисшілерімізге әлемдік деңгейдегі мықтыларды көріп, үлгі тұтып, сабақ алып, қуаттануға үлкен мүмкіндік береді. Бүгін ерекше оқиға болмақ»,- деді ол.
Атақты теннисшілердің сапары тек көрнекі матчпен шектелмейді. Надаль мен Тсонга «Team Kazakhstan» академиясының қазақстандық талантты жас теннисші-тәрбиеленушілеріне шеберлік сыныбын өткізеді, өздерінің табынушыларымен кездесіп, елорданың көрікті жерлерін аралайды.
Рафаэль Надаль - заманның ұлы ойыншыларының бірі, Үлкен Шлем ойындарының жеке топтық кезеңдерінің 14 дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz