1179

Астаналық спортшылар Азия ойындарынан 19 медаль олжалады

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 17-ші жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы 23 спорт түрінен 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль жеңіп алды. Бұл жолы жазғы ойындар тарихында отандастарымыз алтын жүлденің саны бойынша рекорд орнатты. 

Ел намысын қорғаған спортшыларымыз жалпы командалық есепте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейін төртінші орынға табан тіреді. Жалпы, 17-ші жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 420 спортшы аттанған, соның ішінде 63-і астаналық. Спортшылардың орта жасы - 24. Ең жас спортшы 15 жаста. Ең егде спортшы 59 жаста. 

Инчхон қаласында өткен ойындарда Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Иван Дычко (бокс), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика) сынды олимпиада чемпиондары бұл жолы да халқының сенімін ақтап, алтыннан алқа тағынды.  

Ауыр атлетикадан команданың бас бапкері Алексей Ни құраманың Азиададағы жетістіктері туралы өз ойын ортаға салдыі: «Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасынан 15 спортшы бағын сынады. Жалпы алғанда, команданың дайындығы жақсы, өздерінің жүлде үшін таласатындарын көрсетті. Спортшылар 4 медаль алды. Ең бастысы, Азия ойындарының арқасында алдағы Олимпиада ойындарына қатысты жалпы түсінік қалыпатсты. Біз басты қарсыластарымыз кім болатынын айқындадық. Атап айтқанда, Қытай, Солтүстік Корея және Тайвань. Бұл мемлекеттердің командалары мықты, сондықтан Рио де Жанейро қаласында өтетін Олимпиадаға жақсы дайындалуымыз керек».

17-ші жазғы Азия ойындары 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін өтті. Инчхонда барлығы 36 спорт түрінен 439 медаль сарапқа салынды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109