1033

Президент Азиададан табыспен оралған Қазақстан құрамасын құттықтады

Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен 17-ші жазғы Азия ойындарына қатысқан Қазақстанның құрама командасын құттықтады.

«Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл  Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», - делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ, біздің құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болатынын атап өткен.

Соңында Мемлекет басшысы спортшыларға денсаулық және әрі қарай да жеңістер тіледі.

ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Ольга Довгун Азия ойындарында алған әсерлерімен бөлісті. Спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын әкелді. Ол әйелдер арасында 50 м қашықтықта мылтық атудан үздік атанды. Ольга жарыс жолына шыққанда жеңіске жетуді ғана мақсат еткен екен. Ереженің өзгеруіне байланысты қиындықтар болса да, Ольга Довгун алдына қойған міндетін орындай алды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109