1242

Ертең елордада дзюдодан Гран-при басталады

Ертең Астанада «Сарыарқа» велотрегінде дзюдодан Гран-при өтеді. Дүбірлі дода үш күнге жалғасады. 10-12 қазанда жарысқа әлемнің 38 мемлекетінен 366 спортшы қатысады. Олар 7 салмақ дәрежесінде күш сынасады. 

Гран-при жарысында 52 спортшы ел намысын қорғайды. Соның ішінде есімі барша Қазақстанға танымал дзюдошылар да бар. Атап айтқанда, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов.

Дзюдодан осындай деңгейдегі жарыс елордада алғаш рет өткізілмек. Тартысты бәсеке Олимпиада ойындарына ұпай жинау үшін лицензиялық спорттық шара болып табылады. 

Бүгінде елімізде дзюдоның дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Екі жыл бұрын аталған спорт түрін дамыту мақсатында Қазақстанда Спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлерінің конфедерациясы құрылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109