1223

Қазақстандық паралимпиадашылардың қоржынында 6 медаль бар

Өткен аптаның соңында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 17-ші Азия параойындары жалауын көтерді. Қазақстан құрамасының сапында 9 спорт түрінен 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы бәсекеге түседі. Соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, көзі нашар көретін паралимпиадашылар да бар. 

Бүгін Азия ойындарының үшінші жарыс күні. Бірінші күні қазақстандық спортшылар алғашқы медальдарға қолжеткізді. Олар екі күміс және бір қола жүлде иеленді. Әнуар Ахметов 50 және 400 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуден «күміс» (2 медаль) олжалады. Ал Дмитрий Ли 50 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден үшінші орын алып, басқа санатта қоржынымызға бір қола медаль салды. 

Параойындардың екінші күні Қазақстан алтын жүлдеге қолжеткізді. Көру қабілеті бұзылған тұлғалар арасында Әнуар Ахметов 100 метр қашықтыққа арқамен жүзуден таза жеңіске жетті. Спортшы бірден көш бастап, қарсыластарын артта қалдырды. Нәтижесінде, мәреге бірінші жетіп, Азия ойындарында рекорд орнатты.

Бұдан басқа, 50 метр қашықтыққа еркін жүзуден Мансұрбек Ибрашев пен Дмитрий Ли де екі қола жүлде иеленді. 

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасының қоржынында 6 медаль бар. Отандастарымыз бұл жетістікті еселей түспек (Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен параойындарда ел құрамасы 7 медаль алған болатын). Бұл туралы құрама команданың мүшесі, тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғалар санатындағы спортшы Михаил Еременко мәлімдеді. Ол Инчхонда спортшыларға жасалған жағдайларға да тоқталып өтті. «Спортшылар спорттық деревняда тұрып жатыр. Бұл абаттандырылған күзетілетін тұрғын ауданы. Деревня аумағында көп функционалды емхана бар, онда кез-келген мемлекеттің спортшысы қарала алады. Мұнымен қоса, жеңіл атлеттерге арналған стадион, тренажер залы мен массаж кабинеттері, демалу үшін үстел ойындарын ойнауға арналған бөлмелер, сұлулық салондары ашылған. 300 адамға есептелген асхана тәулік бойы жұмыс істейді, онда шығыс аспаздығы дайындалады», - деді ол. 

Михаил Еременконың атап өтуінше, Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізбек. Ал тәжірибелі, еңбегі сіңген бапкерлер мен тәлімгерлер құрамаға қолдау көрсетуде. 24 қазанда 17-ші Азия параойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді, ал келесі күні отандық құрама елге оралады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109