1175

Астана құрамасы велотректен Қазақстан чемпионатында көш бастады

«Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан чемпионаты өткізілді. Шараны ұйымдастырушы - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен қазақстандық велоспорт федерациясы. Жалпы командалық есепте Астана құрамасы бірінші орын алды. 

Спортшылар тректің үш түрі бойынша - мэдисон, гит және спринтер жарыстарында сынға түсті. Мэдисон жұптасып жарысу сынында ерлер арасында Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары Диас Өмірзақов пен Сұлтанмұрат Мырзалиев көш бастады. Ал жасөспірімдер арасында Вадим Пронский мен Тимур Қуатов үздік атанды.

Гит бәйгесінде 1000 метрлік қашықтыққа жұптасып жарысудан астаналық Заки Сұлтанов пен Эдуард Розенберг топ жарды. 500 метрлік қашықтықта Амелия Сұлтанова ел чемпионы атанды.

Сонымен қатар, скретч пен спринтерлік жарыстар ұйымдастырылды. 7,5 шақырымдық скретч жарысында Иван Зайцев (Астана) пен Жанерке Санақбаева (Қарағанды) бірінші орын алды.

Бұдан басқа, Жанерке қыздар арасындағы спринтерлік бәйгеде де топ жарды. Ал оның жерлесі Кирилл Руддер спринтерлік сында жеңімпаз атанды.

Ел біріншілігінде жалпы командалық есепте бірінші орынды Астана велотрекшілері жеңіп алды. Екінші орында - Алматы облысының спортшылары, ал қызылордалықтар үшінші орынға табан тіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109