Жасөспірімдер арасында өткен футбол турнирі аяқталды
Бүгін Астана
қаласында «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне»
орайластырылған 2007-2008 жж. туған жасөспірімдер арасында екі күнге созылған
футбол турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми
сайты.
Турнир «Астана – есірткісіз қала» атты ұранмен өтті. Жарысқа қаламыздың Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, «Астана» футбол орталығы және жекеменшік спорт мектептерінен жалпы саны 120 баланы құрайтын сегіз команда қатысты.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, ІІД Арнайы дайындық басқармасы, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы қолдауымен өтті.
«Турнир 2007-2008 жж. туған жасөспірімдер арасында өтуде. Шара «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында өтуде, оған қаламыз бойынша сегіз команда қатысты», – деді №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Дияс Үкімет.
Ойынның финалында «Астана» футбол орталығының 2007 жылы және 2008 жылы туған жасөспірімдер командалары кездесіп, 2008 жылы туған жасөспірімдер жеңіске жетті. Ал, жартылай финалда № 8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2007 жылы және 2008 жылы туған жасөспірімдер командасы кездесіп, біріншілері жеңіске жетті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz