БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді
Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесін тойлау аясында жыл сайын өткізілетін шағын футбол турниріне БАҚ өкілдерін қатысуға шақырады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Турнир осы жылдың 23 маусымында сағат 9:00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда (Кенесары көшесі, 14) өтеді.
Турнирге қатысу үшін 7782597@inbox.ru электрондық поштасына өтінім (үлгісі жіберіледі) толтыру қажет. Турнир жеңімпаздары кубок, медаль, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпарат және командаларды тіркеу үшін: 55-67-06, 8-701-85-34-569 Ақжол Қажинов. Турнирге қатысу бойынша өтінімдер 22 маусымға дейін қабылданады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz