Елордада садақ атудан ҚР Чемпионаты өтеді
16 жылда алғаш рет Астанада ересектер мен жасөспірімдер арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Спорттық іс-шараға еліміздің барлық облыстарынан 150-ден астам спортшының қатысуы күтілуде. Аталмыш жарыс «Жас Батыр» спорт кешенінің базасында ұйымдастырылады.
Шараның ресми ашылуы 22 маусым күні сағат 12:00-де «Жас Батыр» СК (Конституция к-сі, 3) мекенжайы бойынша өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын және БАҚ өкілдерін шараны тамашалауға шақырамыз.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz