Астанада су добынан қалалық ашық кубогы өтіп жатыр
Жарысқа 300-ге тарта спортшы қатысуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
25-30 маусым аралығында Астана қаласында «Қазақстан» спорт сарайының жүзу бассейні базасында 2004, 2006 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында су добынан Астана қаласының ашық кубогы өтеді.
Турнирге Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының командалары қатысады деп жоспарланған.
Спорттық жарыстар күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz