«Қазанат» ипподромында ат бәйгесі өтеді
6 шілдеде елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтереді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Астана кубогі» үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен «Астана кубогін» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.
Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі – 20 000$-ды құрайды.
Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz