1626

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседіАстананың 20 жылдығына орай 28 шілдеде елордада триатлоннан ашық қалалық турнир өтеді. Қатысушылар жүзу, велосипедпен жүру және жүгіру сияқты үш түрлі сайыста күш сынасады. 

«Астана-триатлон - 2018» шарасына 18 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Астана-триатлон - 2018» шарасына қатысушылар Астана қаласының триатлон федерациясының http://triathlonastana.kz сайтына кіріп онлайн арқылы алдын ала тіркелуге міндетті. Старттық пакет жарнасы - 5000 теңге.

Старттық пакеттер сағат таңғы 6:30-да беріле бастайды. Негізгі жарыстар сағат 8:00-ге белгіленіп отыр. Өтетін орны: Астананың триатлон саябағы. Триатлоннан ашық турнирге қатысамын деушілер өздерімен бірге міндетті түрде велосипед пен шлемін ала келуі тиіс.

«Қатысушылар «Астана Триатлон Саябағы» аумағындағы Есіл өзенінің бойымен (750 метр) жүзіп өтеді. Сонымен қатар, «Астана Триатлон Саябағы» аумағынан «Astana Music Hall» тұрағы арқылы Б. Момышұлы к-сі, Сарайшық к-сі, Шалқыма к-сі, Шарль де Голль көшесіндегі «Крыша» мейрамханасының тұрағына кіру арқылы «Астана Триатлон Саябағы» аумағына дейінгі 20 шақырымды велосипедпен бағындырады. Дистанцияның соңында олар «Астана Триатлон Саябағы» аумағын 2 айналымнан тұратын 5 шақырымдық жүгіру бағытын аяқтап мәреге жетеді.

Алаңда орнатылған медициналық пунктте әрбір қатысушы жарысқа қатысуға дәрігерлердің рұқсатын алады. Велосипедке арналған дулығасы жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді», - делінген Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында. 

Айта кетейік, жарысқа жіберілген қатысушылар жас ерекшелігі бойынша бес топқа бөлінеді 18 – 29 жас (ерлер, әйелдер); 30 – 39 жас (ерлер, әйелдер); 40 – 49 жас (ерлер, әйелдер); 50 – 59 жас (ерлер, әйелдер); 60 жас және үлкен.

Әрбір топ бойынша жеңімпаздар қашықтықты ең аз уақытта бағындыруына қарай анықталады. Хронометраж арнайы қондырғының арқасында жеке-жеке белгіленетін болады. Қашықтықты ең аз уақыт ішінде жүріп өткен қатысушы әр топтың жеңімпазы болады.

Әр жас санатының 1, 2, 3 орын иегерлері сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. «Астана-Триатлон 2018» жарысына қатысқан барлық спортшыларға медальдар табысталмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109