2068

Елордалық спортшылар Азия ойындарында өнер көрсетеді

Алдағы демалыс күндері Индонезияда VIII Жазғы Азия ойындары басталады. Қазақстан құрамасының сапында 53 елордалық спортшы бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Индонезияның Джакарта қаласында VIII Жазғы Азия ойындары 18 тамызда салтанатты түрде ашылады деп күтілуде.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының сапында астаналық 53 спортшы 20 спорт түрінен күш сынасады.

Елордалық спортшылар келесі дициплиналар бойынша сайысқа түседі:

1. Белбеумен күрес – Ботагөз Дүйсембаева, Ұлжан Дүйсембаева, Айдос Құлманбетов;

2. Грек-рим күресі – Азамат Құстыбаев, Алмат Кебіспаев;

3. Әйелдер күресі – Жұлдыз Эшимова, Валентина Исламова;

4. Самбо – Әлібек Зекенов;

5. Дзюдо – Ақмарал Науатбек;

6. Байдаркамен және каноэмен есу – Зоя Ананченко, Дайана Егеубаева, Сергей Токарницкий;

7. Академиялық есу – Александра Опачанова;

8. Жүзу – Әділбек Мусин;

9. Синхронды жүзу – Дженифер Русанова, Кристина Тыныбаева, Дания Талғатова, Рената Коноваленко, Яна Дектярева, Карина Абдулина;

10. Көркемдік гимнастика – Адиля Тілекенова;

11. Жеңі атлетика – Александр Каспер;

12. Оқпен ату – Сергей Вохмянин, Алексей Клейменов, Юлия Комендра;

13. Әйелдер боксы – Сания Сұлтанқызы, Римма  Волосенко;

14. Велоспорт – Амилия Искакова;

15. Таеквондо – Маржан Тулепбергенова;

16. Стендтік ату – Андрей Могилевский;

17. Қазіргі заманғы бессайыс – Павел Ильяшенко, Елена Потапенко, Владислав Сухарев;

18. Құзға шығу – Амир Маймуратов,  Әсел Марленова;

19. Баскетбол – О. Иванова, О. Багмет, Т. Ягодкина, М. Астапенко, З. Куразова, А. Винокурова, Н. Кондракова, А. Арзамасцева, М. Байболекова, Р. Ерғалиев.

53 спортшының 8-і спорттың 4 спорт түрі бойынша Паразиялық ойындарда Қазақстанның намысын қорғайды. Индонезияның астанасы Джакартада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жарыстар 2-13 қазан аралығында өтпек. Жерлестеріміз жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, дзюдо сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Азия ойындарына құрлықтағы 45 мемлекеттің 9 мыңнан астам спортшысы қатысады деп күтілуде. Бақталастар спорттың 42 түрі бойынша сарапқа 476 медальды салады.



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109