2377

Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді

Сенбі күні, яғни 18 тамызда, сағат 10:00-17:00 аралығында «Барыс» спорт кешенінде(Мұңайтпасов к-сі, 9, «Қазақстан» СК жанында) ашық есік күні өтеді. Шараға келушілер Астана қаласының спорт мектептеріне балаларды қабылдау туралы ақпарат ала алады. Аталған шара Қазақстанда тамыз айының үшінші жексебісінде аталып өтілетін Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы барлық елорда тұрғындарын Ашық есік күні шарасына шақырады. Мұнда Астананың спорт мектептеріне балаларды қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпараттар беріледі.

Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің толық тізімі тіркелген.

Елорданың олимпиадалық резервтегі мектептеріндегі мемлекеттік спорттық секцияларға қабылдау жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Қазіргі кезде Астанада кішкентай астаналықтар үшін 12 мекеме жұмыс істейді, онда 60-тан аса спорт түрінен спортшылар дайындалады. Сонымен қатар, 17 спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Аталған мектептерде балалар ақысыз негізде оқытылатынын хабарлаймыз.

Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің

ТІЗІМІ

Ұйым атауы

Спорт түрі

1

Астана қаласы әкімдігінің «№1 ОРБЖСМ» КММ

көркем гимнастика, спорттық гимнастика, спорттық акробатика және батуттық гимнастика, спорттық билер

2

Астана қаласы әкімдігінің «№2 БЖСМ» КММ

Шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру спорты, конькимен мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, спорттық бағдарлау

3

Астана қаласы әкімдігінің «№3 ОРБЖСМ» КММ

бокс, әйелдер боксы, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, кикбоксинг

4

Астана қаласы әкімдігінің «№4 ОРБЖСМ» КММ

жүзу, академиялық есу, байдаркамен және каноэмен есі, суға секіру

5

Астана қаласы әкімдігінің «№5 ОРБЖСМ» КММ

баскетбол, волейбол, гандбол, регби

6

Астана қаласы әкімдігінің «№6 ОРБЖСМ» КММ

велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк, БМХ)

7

Астана қаласы әкімдігінің «№7 ОРБЖСМ» КММ

дзюдо, таеквондо, каратэ-до, самбо,  джиу-джитсу, қазақ күресі, белбеу күресі, муайтай, киокушинкай, шинкиокушинкай

8

Астана қаласы әкімдігінің «№8 ОРБЖСМ» КММ

футбол, әйелдер футболы

9

Астана қаласы әкімдігінің «№9 БЖСМ» КММ

Садақ ату, оқпен ату, үстел теннисі, стендтік ату, семсерлесу, триатлон, қазіргі заманғы бессайыс, жеңіл атлетика

10

Астана қаласы әкімдігінің «№10  Шайбалы хоккейден МБЖСМ» КММ

Шайбалы хоккей

11

Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК

теннис

12

Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубы» МКҚК

Кәсіби спорт түрлері:

армрестлинг, асық ату, бүркітші, қоян-қолтық ұрыс, таеквондо, пауэрлифтинг, альпинизм, керлинг, бодибилдинг, спорттық туризм, құзға шығу, гір спорты, киокушинкай-кан каратэ, ауыр атлетика

Мүгедектік спорт түрлері:

Арбада би билеу, отырып волейбол ойнау, грек-римс күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол, асық ату, таеквондо, дзюдо. голбол, бочче

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109