Астанада А.Пушкин көшесі уақытша жабылды
Бүгін, 24 мамырда,
Астанада А.Пушкин көшесі Тәуелсіздік даңғылы жағынан Абылай хан даңғылына дейін
жабылды, - деп хабарлайды қалалық Жол полициясы басқармасы.
Жолдың жабылуы асфальт төселуіне байланысты болып отыр. Кептеліске ұшырап қалмас үшін Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілердің бағдарларын алдын ала жоспарлап алуларына ұсыныс жасайды.
Еске салайық, биылғы жылы елордада 17 көшені жөндеп, 115 шақырым жолды қалпына келтіру, соның ішінде 40 км жол салу, 35,6 км жолды жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын жалғайтын 21,8 км жолдың құрылысы аяқталады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz