1716

Жол полициясы жол бойында қабылдау өткізді

Бүгін астаналықтар ерекше автокеруеннің куәсі болды. Елорданың орталық көшелерімен жол-көлік оқиғасына түскен машиналар тиелген автокеруен жүріп өтті.

Бүгін астаналықтар ерекше автокеруеннің куәсі болды. Елорданың орталық көшелерімен жол-көлік оқиғасына түскен машиналар тиелген автокеруен жүріп өтті.  Акцияны жол апаттарының алдын алу мақсатында «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірге қалалық Жол полициясы басқармасы ұйымдастырды. 

ЖПБ өткізіп отырған мұндай акциялар бірінші рет емес. Бірақ бүгінгі автокеруеннің айырмашылығы - оның құрамында арнайы жалға алынған автобустың болуында. Міне, жол бойы осы автобус ішінде жол полициясы қабылдау жүргізді. 

«Іс-шара қала азаматтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға, оларға жол полициясының қызметі мәселелері бойынша сапалы кеңес беріп, құқықтық көмектер көрсетуге, қала көшелерінде қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған»,- деп атап көрсетеді ведомстводан.

Азаматтарға кеңес беріп, құқықтық жәрдем көрсету ЖПБ ғимаратымен қатар, осы «Жолда қабылдау» көшпелі қосынында да жүзеге асырылды.  Автобус адамдар көп шоғырланған сауда орталықтары мен ірі сауда үйлеріне, вокзал мен Орталық базарға бағыт ұстады. 

«Негізінен азаматтарды жол қозғалысын ұйымдастыру, қаланың көше жолдары желісінің жақсартылуы, автокөлікті тіркеу мен есептен шығару, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу мөлшері мәселелері қызықтырды. Акция барысында жол полициясы қызметін одан әрі жақсарту мен тұтастай алғанда, құқық қорғау органдарының имиджін көтеру мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді»,- делінген ведомство хабарламасында. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109